Оңтүстік Йоркшир графтығында құқық қорғаушыларға кез-келген болмашы жарақат үшін мың фунттан төленуде.
Олар жұмыс барысында орындықтан құласа, жәндіктер шағып алса, өтемақы алады. Жалпы алғанда, соңғы бес жылда құқық қорғаушыларға төленген өтемақы сомасы 144 мың фунт стерлингті құраған.
Айтарлықтай қауіпті емес залал үшін осындай ірі көлемдегі ақшалай өтемақыны салық төлеушілердің құқығын қорғаушы ұйым өкілдері ойлап шығарған, деп хабарлайды Mirror.
Айта кетсек, жұмыс кезінде баспалдақтан құлағаны үшін бір құқық қорғаушыға 10 мың фунт стерлинг, ал тағы біреуіне саусағын есікке қысып, жарақаттап алғаны үшін 1,5 мың фунт төленген.