Ресми Киев қол қоюдан бас тартқан Украинаның Еуроодақпен қауымдастық туралы келісімі тиімсіз әрі қауіпті болды. Бұл туралы украиналық «Интер» телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Виктор Янукович мәлімдеді.
«Біз тауып-байқаған қатерлер еліміздің ұлттық мүддесіне мүлдем сәйкес келмеді. Бұл келісім тиімсіз және қауіпті», - деді Янукович. Оның сөзіне қарағанда, аталған келісім бекітілген жағдайда, біріншіден, украиналық экономиканың аграрлық секторы мен ауыл шаруашылығына зардабы тиер еді.
Януковичтің айтуынша, елдегі наразылық акцияларына ЕО-мен қауымдастықтың жай-жапсары туралы халықтың жеткіліксіз деңгейде ақпарат алуы себеп болды.
«Соңғы уақытта осы арман мен қиял адамдарды наразылыққа алып келді», - деді Янукович.
|