Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтық ІРО» бағдарламасының орындалмауына сын айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, 2012 жылы «Халықтық ІРО» бағдарламасы іске қосылып, тағы 5 компанияны қор нарығына шығару жоспарланды. Олар «Кегог», «Эйр Астана», «ҚазТрансГаз», «Самұрық Энерго» және «ҚазТеңізФлот» компаниялары.
«Бір ай уақыт беремін, Үкіметпен бірлесіп ұсыныс әзірлеп, енгізіңдер», - деді Мемлекет басшысы.
|