1160 адамға материалдық көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1160 адамға материалдық көмек көрсетіледі

14.02.2014
1160 адамға материалдық көмек көрсетіледі
 
Астанада Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылу күніне орай әскери іс-қимылдарға қатысқан 1160  адамға материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
 
«Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасына сәйкес Ауғанстаннан Кеңес одағының шектеулі әскери контингентін шығару күніне (15 ақпан) орай Ауғанстан соғысында әскери іс-қимылдарға қатысқан 1160 адамға 3 000 теңгеден бір реттік материалдық көмек көрсетілді»,- делінген хабарламада.
 
Басқарманың хабарлауынша, Ауған соғысының ардагерлеріне ай сайын ақшалай қаражат түрінде коммуналдық және басқа да шығындарды төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі, сондай-ақ:
-  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
-  тіс протездеу бойынша медициналық қызмет;
-  қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде тегін  жол жүру;
-  шипажайлық-курорттық емделу;
- мерекелік және айтулы күндерге орай бір реттік ақшалай төлемдер алу құқығын пайдаланады.

Хабарламаларға жазылу