Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 350 ғимарат қирады. Зілзаланың қуаттылығы 7, 3 балл болған. Ең алғашқы дүмпу Астана уақытымен сағат 17:19-да Хотан аумағындағы Юйтянь уезінде анықталған. Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Куньлунь тауында, 12 мың шақырым тереңдікте тіркелген. Апат болған жерге құтқару қызметтері жөнелтілді. |