Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді - Қайрат Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді - Қайрат Келімбетов

12.02.2014
Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді - Қайрат Келімбетов
  Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
 
«Әрине, біреулер депозитін теңгеде ұстап, бүгінде өзіне өзгерістер болатынын неге ескертпеді деуі мүмкін. Дегенмен, біз әр кезде де мәселелердің, яғни біздің экономикамыздың долларға тәуелділігі бар екендігін айтамыз. Ресей экономикасы 20-25 пайызға тәуелді. Бұл жоғары көрсеткіш саналады. Ал Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді», - деді ол.
 
Қайрат  Келімбетовтің айтуынша, 2012 жылы ел халқы депозиттерінің 38 пайызы шетел валютасымен болса, қазіргі уақытта бұл үлес 45 пайызға жетіп отыр.

Хабарламаларға жазылу