«Сұлтан Бейбарыс» фильмін түсіру идеясы өткен ғасырдың 1965 жылынан бастау алған болатын. Алайда, араға уақыт салып, Болат Мансұров 1980 жылдары фильм сценарийін жазып шығады. Туынды қалың көрерменге 1989 жылы жол тартты.
«Жоспар бойында Бөкең оны Сириямен, Египетпен бірлесіп түсірмекші болды. Екі нұсқа түсірмекші едік. Бірі – Кеңес еліне, бірі – арабтарға. Арабтардағы нұсқасына өздерінің актерлері ойнамақ болған»,-дейді фильмнің директоры Олжабай Мұсабеков.
Сұлтанның рөлін үш актер сомдайды: балалық шағы, орта жасы, еңселі ел ағасы болған тұсы. Негізгі рөл Нұрмұхан Жантөринге бұйырған.
«Бейбарыс – Мысырды 17 жыл басқарған қазақ. Тарихи тұлға болған соң Нұрмұхан аға бірден келісті»,-дейді Олжабай Мұсабеков.
Ол Мысыр елінің әкесі атанып, қазақтың кім екенін мойындатты. Аты асқақтаған фильмді түсіруге де қажырлы еңбек жұмсалды. Алдағы уақытта Сұлтан Бейбарыс туралы тағы да кино түсірілмек.