Теңге курсын түзету банктердің валюта алыпсатарлығын тоқтату үшін қажет - Қ.Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге курсын түзету банктердің валюта алыпсатарлығын тоқтату үшін қажет - Қ.Келімбетов

12.02.2014
Теңге курсын түзету банктердің валюта алыпсатарлығын тоқтату үшін қажет - Қ.Келімбетов
  Теңге курсын түзету банктердің валюта алыпсатарлығын тоқтату үшін қажет болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
 
Қ.Келімбетовтің атап өтуінше, 2013 жылы банктер барлық бос ақшаларын валютаға ауыстыруға тырысқан. Осының салдарынан кәсіпкерлікке несие беру көрсеткіші тым төмендеп кеткен.
 
«Сондықтан да теңге бағамын түзету екінші деңгейлі банктердің валюта алыпсатарлығына тосқауыл қойып, оларды кәсіпкерлікке қаржы құюға итермелеу үшін жасалды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Хабарламаларға жазылу