Теңге бағамының өзгеруінің бес себебі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге бағамының өзгеруінің бес себебі

11.02.2014
Теңге бағамының өзгеруінің бес себебі
  ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өзгеру себебін түсіндірді.
 
«Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС елдеріндегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі өзгерістер артты, деп мәлімдеді   бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.
 
«Екіншіден, Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. РФ Орталық банкінің Ресей рублін еркін айналымға жіберуінен соң 2013 жылы ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1 пайызға әлсіреді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей рублінің әлсіреуі жалғасты», - деді ол.
 
Сондай-ақ, үшінші себебінің ҚР банктерінің төлем қабілетінің жағдайымен байланысты екенін атап өтті.
 
Бұған қоса, Қ.Келімбетов ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен тұтыну қабілетінің өсіп жатқандығын жеткізді.
 
Төртіншіден, алыпсатарлық операциялардың өсуінің әсерінен Қазақстан Республикасы экономикасында теңге бағамының өзгеруі артты. Алыпсатарлық дүрлікпе мен айырбас курсының өзгерістерін алдын алу үшін Ұлттық банкке валюталық рынокке жиі енуге тура келеді.
 
«Бесіншіден, құнсыздануды 3-4 пайызға дейін төмендету үшін базалық алғышарттарды құру үшін ҚҰБ орташа шұғыл перспективада инфляциялық шектеуге көшуді жоспарлап отыр, яғни ол айырбастау бағамын қатаң түрде реттеуді тоқтатуды ойластырып отыр. Жүргізілген сараптамалық жұмыстардан кейін доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185 теңге болып қалады, және біз оны сақтап қалуға тырысамыз», - деп атап өтті Келімбетов.
 
 «Жалпы, мұндай өзгерістер теңгенің айырбастау бағамының бәсекеге қабілеттілігн жақсартып, соған сәйкес, ҚР тауар өндірушілерінің - сарапшылардың, сонымен бірге, импорт алмастырушы өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін жасалып отыр. Бұл біздің өндірушілерге Кедендік одақ аясында олардың позицияларын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы.

Хабарламаларға жазылу