«Тазыны шетелдіктер иемденгісі келеді» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тазыны шетелдіктер иемденгісі келеді»

10.02.2014
«Тазыны шетелдіктер иемденгісі келеді»
Астана көкпар командасының спортшысы, аңшы Аманат Жанғалиұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
Студияға тазыларын да ерте  келген ол: «Тазыны күшік кезінде дұрыс таңдай білу керек. Бір айында арнайы екпелерден өткізген жөн. Ал үш айлығында түлкінің құйрығынан жасалған шырғаға үйрете бастаймыз»,-дейді.
 
«Тазылар негізі байсалды. Бірақ, дала көргенде, аңға шыққанда мүлде өзгеріп кетеді. Көзімді ашқалы бері көріп келе жатқаным – тазы. Себебі, атам да аңшы болған, ағам да аңшы. Ал менің тазыларды баптап жүргеніме 12 жыл болып қалды. Осы тазылармен жылына 50 шақты түлкі, бір маусымда 170 қоян аламыз»,-дейді ол.
 
«Құжат бойынша бүкіл Қазақстан аумағында 300 тазы ғана бар. Ресми тіркелмегендері қаншама.  Тазы тұқымын көбейту үшін Үкіметтен көмек қажет. Арнайы тазы баптайтын орындар ашса, себебі,  Ресей де, Түркия да тазыны патенттеп, иемденгісі келеді»,-дейді Аманат Жанғалиұлы.

Хабарламаларға жазылу