Бүгін Астанада, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен брифинг өтеді.
Министр сала бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындысымен және Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында жүктеліп отырған 2014 жылдың стратегиялық міндеттерімен таныстырады.