Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» және «Покиту» кедендік өткізу пункттері іске қосылған сәттен бастап, 7 миллион 238 мың АҚШ доллары сомасындағы жалпы салмағы 6,9 мың тонна көкөніс және жеміс-жидек өтті, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Қытайдан келген өнімдердің 27 пайызын мандарин, 18 пайызын томат, 13,7 пайызын алма, 12,5 пайызын қияр және 4,6 пайызын бұрыш құрайды.
Айта кетейік, бұл жоба 2012 жылғы қыркүйекте екі елдің үкімет басшыларының уағдаласуымен іске қосылды.
|