8 ақпанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Отбасым» Ұлттық құндылықтар орталығының тұсаукесер рәсіміне арналған таныстыру шарасы өтеді. Мәдени жиында қазақтың «Қыз ұзату» және «Келін түсіру» дәстүрлері көрсетіледі.
Сондай-ақ, танымал қазақстандық дизайнер Айдархан Қалиевтің «Ұлы дала арулары» атты бірегей неофольклор топтамасы ұсынылады. Көрсетілімнің басты ерекшелігі – сән үлгілерін еліміздің іскер әйелдері көрсетпек.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен құрылған «Отбасым» Ұлттық құндылықтар орталығы, Тәуелсіздік сарайы, Бас редакторлар клубы.
Іс-шараның қонақтары – ҚР белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, елшіліктердің, министрліктер мен мекемелердің өкілдері, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдары.
Іс-шара ұлттық-мәдени мұрамызды дамытуда маңызды рөл атқарады және қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға септігін тигізеді.
Басталуы: сағат 15.00-де