Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өз компьютеріне Windows 8.1 операциялық жүйесін орната алмады, деп хабарлайды vesti.ru.
Бұған ол бір жұмыс күнін арнаған. Кейін компанияның атқарушы директоры Сатья Наделланың көмегіне жүгінген. Алайда, екіжақтап жабылса да, еш нәтиже шықпапты.
Компанияның ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Гейтс бұл жұмысты соңына дейін жеткізу үшін қызметіне қайта оралатынын жеткізген.
Алайда, The New Yorker сайтында бұл туралы мәліметті америкалық сықақшы, жазушы Энди Боровитц жариялаған. Сондықтан, әзіл әңгіме болуы да мүмкін, деп хабарлайды, vesti.ru.