Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов Ресей рублінің құнсыздануын болжап отыр. Бұл туралы ол Женевадағы «Graduate» институтында академиктер мен дипломаттардың алдында мәлімдеді, деп хабарлады Forbes.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банк басшысының пікірінше, дамушы елдер активтерінің жаппай сатылымы салдарынан сол елдердің ұлттық валюта құнының төмендеуі - бұл әлі басы ғана. Келімбетов ағымдағы жылы «девальвацияны көп көреміз», ал Ресей экономикасының бүгінгі проблемасы дамушы елдерге де ортақ дейді.
Сондай-ақ ол Қазақстанда теңге бағамын реттеуге мүмкіндіктер бар екенін, қажет болғанда іске кірісуге дайын екенін жеткізді. Қазақстан экономикасына әсерін тигізетін негізгі факторлар - мұнай бағасының төмендеуі мен ресейлік рубльдің құнсыздануы.
Бүгін, 6 ақпанда, Келімбетов Базельде шетел орталық банктерінің басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр, деп жазады Reuters.