Бүгін, 6 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы 2013 жылғы 11 қыркүйекте ашылған зияткерлік мектептер желісіне қосылған химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барады деп жоспарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысын Атырау мұнай өңдеу зауытындағы құрылысы жүріп жатқан хош иісті көмірсутегін шығаратын мұнайды барынша өңдеу кешеніне келеді деп күтіп отыр.