Украина валютасының бағамы 2008 жылдағы деңгейге дейін құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина валютасының бағамы 2008 жылдағы деңгейге дейін құлдырады

05.02.2014
Украина валютасының бағамы 2008 жылдағы деңгейге дейін құлдырады
Украиналық гривна арзандауда, деп хабарлайды BBC.  Сәрсенбіде доллар бағамы рекордтық деңгейге көтерілген, яғни  9,4 гривна болған.  Ал сарапшылар доллар бағамының көтерілуін Ресейден алынған қарызбен байланыстыруда.
                            
«Украинаның  «Газпромға» қарызы  3 миллиард АҚШ  долларынан асады. Ал қарызды қайтарудың мерзімін ұзартады дегенге сенім жоқ. Бұған валютаның жеткіліксіздігі себеп  болып отыр», -  дейді «Альфа-банк» (Украина)  дилерлік қызметінің басшысы Дмитрий Очеретяны.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдың желтоқсан айында доллардың бағамы 10 гривнаға дейін көтерілген.

Хабарламаларға жазылу