Билл Гейтс қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билл Гейтс қызметінен кетті

05.02.2014
Билл Гейтс қызметінен кетті
Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.
Компания таратқан ресми мәлімдемесінде Гейтстің бұдан былай технологиялық мәселелер бойынша кеңесші рөлін атқаратыны хабарланған.
 
Гейтстің орнына директорлар кеңесінің төрағасы болып Үндістаннан шыққан, 46 жастағы Сатья Наделла тағайындалған. Наделла бұл компанияда 22 жылдай қызмет істеген және соңғы уақыттары жаңа қызмет көрсету және бизнес бөлімін басқарған.

Хабарламаларға жазылу