Астанада Қазақстан-Сауд Арабиясы бизнес форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан-Сауд Арабиясы бизнес форумы өтті

13.05.2015
Астанада Қазақстан-Сауд Арабиясы бизнес форумы өтті

Корольдік астық экспорты үшін арнайы жеңілдіктер жасауды да сұрауда. Мұндай ұсыныс Астанада басталған қазақ-араб бизнес өкілдерінің форумы аясында айтылды.

300-ге жуық делегат қатысқан ауқымды жиын Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда және индустрия министрі Тауфиқ Әл-Рабияның ресми сапары барысында ұйымдастырылды.

Араб кәсіпкерлері, әсіресе, азық-түлік, телекоммуникация қызметін ұсыну, туристік жобалар мен  қаржы саласы бойынша ынтымақтастыққа әзір екендіктерін жеткізді. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу