Таразда мемлекет пен жекеменшік иелерінің әріптестігі аясында иппотерапия (жылқымен емдеу) орталығы ашылды. «Майская роща» ЖШС 20 жылқыға арналған ипподром құрылысы үшін 40 миллион теңге инвестиция салған.
Бүгінде Жамбыл облысында мұндай көмекке мұқтаж 300-ден астам бала бар. Жылқы арқылы емдеудің тиімділігі ғылыми дәлелденген және көптеген елдерде оң нәтижесін беруде.
Бұған дейін Таразда Мүгедек жастар қоғамының бастамасы бойынша сал ауруына шалдыққан балаларға өтеусіз негізде ем-дом жүргізіліп келген еді. Емделушілердің ата-аналарының айтуынша, иппотерапия арқасында балалар дағдылары мен ептіліктерін арттырған.
Айта кетейік, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша 2014 жылы Мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту бағдарламасына 270 миллион теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға жоғары.