Facebook әлеуметтік желісі өзінің жаңалықтар бөлімінде контентті тарату бағытында қызметкерлерді жұмысқа ала бастады. Бұл туралы ReCode басылымы хабарлайды.
Редакторлар әлеуметтік желінің басқы бетіне арналған үздік жаңалықтарды іріктеумен айналысатын болады.
Бұдан бұрын бұл жұмыс компьютер алгоритмдерінің көмегімен жүзеге асатын. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісі «Paper» атты жаңалықтар бөлімін қосуы туралы ақпарат қаңтар айының ортасында белгілі болған.
БАҚ хабарлауынша, «Paper» интернеттен танымал ақпараттарды жинап, Facebook қолданушыларының үздік статустарын жариялайтын болады. Алайда, «Paper» ресми түрді әлі бекітілген жоқ.