Елсіз аралды 16 ай мекендеген азамат табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елсіз аралды 16 ай мекендеген азамат табылды

02.02.2014
Елсіз аралды 16 ай мекендеген азамат табылды

Тынық мұхиттағы Маршалл аралын 16 ай мекендеген мексикалық азамат табылды, деп хабарлайды  lenta.ru.
 
 Саяхатха шыққан оның кемесі орта жолда бұзылып, нәтижесінде аралда жалғыз өзі қалып қойған.
 
 Хосе Иван есімді мексикалық азаматты балық аулауға шыққан екі жергілікті тұрғын тауып алған. Оның денсаулығын тексерген дәрігерлер қан қысымының төмендегенін айтып отыр.
 
 Иванмен сөйлескен норвегиялық зерттеуші Ола Фьельдстадтың айтуынша, оның қасында жақын досы болған. Алайда, ол жақында қайтыс болған көрінеді. 16 айдан бері Хосе Иван балық, тасбақа мен құстың етін жеп, жаңбырдың суы мен тасбақаның қанын ішіп күн көрген.
 
 Қазір Хосені Маршалл аралының астанасы Маджуро қаласына жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Оның одан кейінгі тағдырын елдің сыртқы істер министрлігі шешетін болады.
 
 Белгілі болғандай, Хосе Иван досымен бірге 2012 жылдың күзінде Мексикадан Сальвадорға саяхатқа аттанған екен. Қазір қайықтың бастапқы бағыты не себепті өзгеріп, Маршалл аралына қалай тап болғаны анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу