Эштон мен Сноуден Нобель сыйлығына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эштон мен Сноуден Нобель сыйлығына ұсынылды

01.02.2014
Эштон мен Сноуден Нобель сыйлығына ұсынылды

Еуропарламент өкілдері Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мен Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденді Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынды.
 
 Еуропадағы БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай ұсынысты «жасылдар» фракциясы мен Еуропа социалистерінің партиясы білдірген.
 
 Нобель комитетіне арнаған хатында Еуропарламенттегі «жасылдар» фракциясының тең төрағалары Ребекка Хармс пен Даниэль Кон-Бендит Эдвард Сноуденнің адам құқығын қорғау саласына, оның ішінде жеке адамның өміріне қол сұғылмаушылық пен пікір білдіру еркіндігінің сақталуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
 
 Социалистер мен демократтар топтарының жетекшілері Ханнес Свобода Нобель сыйлығын Кэтрин Эштонмен қатар, Сербияның премьер-министрі Ивица Дачич, өзін-өзі жариялаған Косово республикасының көшбасшысы Хашим Тачи алуы тиіс деп санайды.

Хабарламаларға жазылу