Брюс әлемді өзгерте ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюс әлемді өзгерте ала ма?

01.02.2014
Брюс әлемді өзгерте ала ма?

Брюс Нолан – Буффалодағы атақты жаңалық жүргізушісі. Ол өмірге өкпелеп өз-өзінен жабығып жүреді, тіпті өзін жақсы көретін Грэйс есімді қыз да оның көңілін көтере алмайды.
 
 Сөйтіп жүргенде жұмысынан шығып қалады. Ол қамығып, Құдайға өкпесін айтады. Ал, Құдай болса оған бір апта орнын босатып беріп, бұл әлемді өзгертуіне мүмкіндік береді.
 
 Бірақ, оның қолынан не келер екен?
 
 Бүгін 23.40-та Ұлттық арнадан Джим Керри, Морган Фриман, Дженнифер Энистон сынды танымал актерлер ойнаған «Құдіретті Брюс» комедиясын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу