Қазгидромет: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

01.02.2014
Қазгидромет: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

1 ақпан күні республика аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым жағдайында, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
 
 Кей жерлерде қар жауып, жекелеген аудандарда бұрқасынға ұласқан күшті жел тұрады, кей аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
 
 Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей тұстарында боран соғып, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының жер-жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-қа, жел екпіні 25 м/с-қа жетеді.
 
 Қызылорда облысының кейбір аудандарында боранға ұласқан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Алматы, Маңғыстау, түнде Қарағанды облыстарының кей аудандарында тұман түседі.
 
 Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарының кейбір тұстарында түнде қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында түнде аяз күшеюі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу