Каспий теңізінде қалыптасқан жылу мен ылғалдың мол қорымен циклон 31 қаңтар күні Қазақстанның оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарының аумағы арқылы өтеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Осыған байланысты аталған аудандарда көктайғақ, бұрқасын болып, батыстан соққан жел кей тұстарда 17-22 м/с-қа жетеді.
31 қаңтарда республиканың орталығында, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты аяз күтіледі.
Түнгі температура батыста 28-35 градусқа түссе, солтүстік пен орталықта 15-30 градусқа, шығыста 30-35-ке дейін жетеді.
Оңтүстікте 17-22-ге дейін, кей амақтарда 32, оңтүстік-шығыста 15-30 градусқа дейін төмендейді, бұл қалыпты жағдайдан 10-15 градусқа төмен.