Бір күнде қанша литр су ішесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір күнде қанша литр су ішесіз?

31.01.2014
Бір күнде қанша литр су ішесіз?
 

Денеде су жетіспеушілігінің деңгейі 20 пайыз болуының өзі адам ағзасына өте қауіпті. Өйткені, қанның – 83 пайызы, бұлшық еттердің – 75 пайызы, мидың – 74 пайызы, сүйектердің – 22 пайызы судан тұрады.

 
Мәселен, үнді ғалымдары арқаның  құрысуы сияқты ауруды тек суды дұрыс тұтыну арқылы емдеуге болатынын айтады. Бас сақинасы да миға қан қажеттілігінің белгісі. Көздің ауруы да судың жеткілікті болмауынан туындайды. Ал буындарды шөл қысса, ол артритке апарып соғады.
 
Қыс мезгілінде көптеген инфекциялық аурулар жиі кездеседі. Сондықтан, «ағзаның уланулары кезінде суды үш литрге дейін ішуге рұқсат етіледі»,-дейді дәрігерлер.  
 
Денсаулығы қалыпты ересек адам  тәулігіне 1,5-2 литр су тұтынғаны абзал.

Хабарламаларға жазылу