Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды.
Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып, жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын маңызды тұтқа ретінде көрінуде.
Жарнама сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ, тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет үдеткіші» де болып отыр.
Ал біздің елдегі жарнама жағдайы қалай?
Сарапшылар: «Жарнама арқылы қазақтың қандай халық екенін көре алатын жағдай болу керек бізде»,-дейді.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.