Сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі екен. «Жақсы қасиеттің барлығы адамның бойына ана сүтімен дариды» деген сөз бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да баланы екі жыл емізу керектігін әрі алты айға дейін баланың азығына ешқандай тағам қоспау қажет екенін ескертеді. Ана сүтімен қоректенген сәбилер қатерлі ісікке өзгелерге қарағанда 9 есе аз ұшырайды, дейді зерттеушілер.
Психологтардың мәлімдеуінше, ананың сәбиін емізу кезінде көкірегіне қысуы, өбектенуі, мейірленуі ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдерін қалыптастырады.
Ана сүтінің өзге де қасиеттері туралы «Таңшолпанның» арнайы сюжетінен көріңіз.