Formula 1 жарысынан әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің ес-түзсіз жатқанына бір ай болды. Гренобль ауруханасының дәрігерлері спортшыны әзірге комадан шығармау жөнінде шешім қабылдады.
Бұл жарақаттанған мидің ісінуі мен оның теріс салдарын азайту үшін жасалуда. Бірақ, ұзақ уақыт ес-түссіз жатқан науқастың толық айығып кету мүмкіндігі азаяды.
2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияда автошабандоз тау шаңғысын теуіп жүргенде құлаған. Соның салдарынан оның бас сүйегі зақымданып, ми шайқалған. Сол уақыттан бері ұйыған қанды тазалау үшін Шумахерге екі рет ота жасалды.