Даланың еркесіне баланған сәйгүліктер суретші Жеңіс Кәкенұлының шығармашылығынан ойып тұрып орын алған. Шеберхана – суретшінің екінші үйі іспетті. Қылқалам шеберінің өнер туындылары осы жерде дүниеге келеді.
«Идеям қағаз бетіне ойлағанымдай түспей жатса, жыртып тастап, басынан бастайтын кездерім де болады. Өнер жолы оңай емес»,-дейді ол. Қазір суретші «Сәйгүлік семантикасы» атты көрмеге дайындық үстінде.
Суретшінің сәйгүліктер көрініс тапқан картиналарын «Таңшолпаннан» тамашалаңыздар.