«Ауылда доп теуіп өскен баламыз ғой. Кейін қалаға көшіп келген соң, түрлі спорттық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік болды. Солардың ішінде боксқа қатты қызықтым. Әрі нағашы атамның да бұл спорт түріне жақындығы бар. Әке-шешем деп спорттың жанкүйері»,-дейді ол.
«Алматыда өткен Әлем чемпионатында басты мақсат – алтын алу болды. Бұл әр спортшының мақсаты. Біз әр жарысқа тыңғылықты дайындықпен келеміз. Жанкүйерлердің сенімін ақтауды ойлаймыз»,-дейді Біржан Жақып.