Украина үкіметінің басшысы отставкаға кететінін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина үкіметінің басшысы отставкаға кететінін мәлімдеді

28.01.2014
Украина үкіметінің басшысы отставкаға кететінін мәлімдеді

Украина премьер-министрі Николай Азаров бүгін отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлады украиналық «УНИАН» агенттігіне сілтеме жасап, «Азаттық».

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған Азаровтың мәлімдемесінде «Қоғамдық-саяси ымыраға жол ашу және қақтығыстың бейбіт түрде реттелуіне қосымша мүмкіндіктер жасау үшін президент Виктор Януковичтен отставкаға кету туралы өтінішімді қабылдауды сұраймын» делінген.

Хабарламаларға жазылу