Америкалық боксшы Кертис Стивенс қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, отандасы Питер Куиллинмен жұдырықтасуға қарсы емес.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Стивенс 3 қарашада Нью-Йоркте жұдырықтасқан еді. Сол жекпе-жекте қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл жеңілістен кейін Стивенс 34 жастағы Патрик Маевскийді нокаутқа түсірді. Ал Головкин 1 ақпан күні Монте-Карлодан ганалық Осуману Адамамен кездеседі.