«Википедиядан» енді дауысты да тыңдай аласыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Википедиядан» енді дауысты да тыңдай аласыз

28.01.2014
«Википедиядан» енді дауысты да тыңдай аласыз
 
«Википедия» қызметін қолдайтын «Викимедия» қоры Voice Intro Project (WikiVIP) жобасының басталғанын хабарлады. Бұл саясаткерлер, жазушылар, спортшылар, ғалымдар және басқа да танымал тұлғалардың дауыс үлгісін жазуға мүмкіндік береді.
 
Аудиожазбаны онлайн-энциклопедиядағы әр тұлғаға арналған беттен тыңдауға болады.
 
Жоба авторы Энди Маббеттің айтуынша, WikiVIP жобасының мақсаты – «Википедия» оқырмандары (келер ұрпақты қоса алғанда) танымал тұлғаның дауысы қандай болғанын және олардың есімін қалай дұрыс айту керектігін біле алады. 10 секундтық әр роликтің мәтіндік үлгісі де бар.
 
Жобаға алғаш қатысқан – актер әрі жазушы Стивен Фрай. Ағылшын қаламгерінің қысқа  дауысын оның «Википедиядағы» ағылшын тіліндегі парақшасынан тыңдауға болады.
 
WikiVIP-ке кейбір аудиожазбаларды BBC береді. «Викиқоймаға» жүктелген аудиофайлдар арасында актера Бенедикт Камбербэтч, Мьянмадағы демократиялық оппозицияның көшбасшысы Аун Сан Су Чжи, ғаламдық тордың авторы және  W3C-тің басшысы Тим Бернерс-Лидің дауыстары бар.
 
WikiVIP-ке кез келген адам өз үлесін қоса алады. Ол үшін «Википедияда» жеке парақшасы бар танымал адамның дауысын (кез келген тілде) жазып алып,  энциклопедия редакторларына жолдаса жеткілікті.

Хабарламаларға жазылу