Украинаның бұрынғы мемлекет басшылары Леонид Кравчук, Леонид Кучма мен Виктор Ющенко бүгін Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысына қатысатын болады.
Бұл туралы елдің экс-көшбасшылары Киевте Кравчуктің бастамасымен өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Жоғарғы Радада ел парламенті депутаттарының, сондай-ақ жергілікті кеңестердің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы қаулының жобасы тіркелді, деп хабарлайды Росбалт.