АҚШ-тың арнайы қызметінің құпияларын ашқан Эдвард Сноуден немістің NDR телеарнасына алғашқы сұхбатын берді. Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері америкалық арнайы қызмет мамандарын экономикалық тыңшылық жасады, деп айыптады.
Ол арнайы қызмет мамандарының компаниялар туралы пайда болған мәліметтерді қауіпсіздік емес, ұлттық қызығушылыққа қажет деп санайтынын түсіндірді. Кейін олар бұл ақпаратты іздеп, тауып алады, дейді Сноуден.
Сонымен қатар, ол журналистерге америкалық барлаушылар туралы басқа құпия мәліметтерді білмейтінін мойындады, деп жазады Vesti.ru.