ВТБ лигасы аясында «Астана» баскетбол клубы өз алаңында Волгоградтың «Красный октябрь» командасын қабылдап, 106:86 есебімен ұтты.
Бұл жеңістің арқасында Александр Трифунович шәкірттері өз тобында алтыншы сатыға көтерілді. Бұл орын плей-офф кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді.
Елордалық ұжым енді украиналық «Азовмаш» командасын қабылдайды. Ойын 2 ақпанда өтеді.