Пакьяо Мейвезерді тегін жұдырықтасуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пакьяо Мейвезерді тегін жұдырықтасуға шақырды

25.01.2014
Пакьяо Мейвезерді тегін жұдырықтасуға шақырды
Мэнни Пакьяо әлемнің үздік боксшысымен болатын жекпе-жекте жеңіске жетсе, ұтып алған барлық ақшаны қайырымдылық қорына беруге дайын.  
 
Әлемнің үздік боксшылары рейтингіндегі бұрынғы көшбасшы Мэнни Пакьяо қазіргі көшбасшы, америкалық кіші Флойд Мейвезерге ұсыныс тастады.
 
Пакьяо допинг-тест бойынша Мейвезердің барлық талабын орындауға дайын екенін тағы бір мәрте нақтылай түсті. Ең басты кедергі - боксшылар арасына бөліске салынатын гонорар болды. Филиппиндік боксшы ұтып алған ақшасын қайырымдылық қорына аударуға ниетті.

Хабарламаларға жазылу