Украинаның энергетика және көмір өндірісі министрлігі елдегі атом электр станцияларының күзет режимін күшейтті. Бұл туралы жұма күні министрлік басшысы Эдуард Ставицкий «Интерфакс-Украина» агенттігіне хабарлаған.
Ол: «Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары АЭС-терге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат таратты», - дейді.
Ставицкий радикалды пиғылдағы азаматтарға: «Шектен шықпаңыздар, егер шектен шықсаңыздар, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді», - деген ескерту жасады.
Ставицкий АЭС қызметкерлерінің шеруге шығуға құқығы жоқ екенін де айтқан. АЭС-терді Украинадағы «Энергоатом» компаниясының әскерилендірілген бөлімі, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскері күзетеді, деп хабарлайды «Азаттық».