Шымкенттік ғалымдар чипсы жасау тәсілін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік ғалымдар чипсы жасау тәсілін ойлап тапты

24.01.2014
Шымкенттік ғалымдар чипсы жасау тәсілін ойлап тапты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұстаздары мен студенттері алма мен өріктен чипсы жасауды ойлап тапты, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.

Ғалымдар жаңа тағамды жасауға бір жылдан астам уақыт жұмсаған. Қазір өндіріс технологиясын әзірлеп жатқан ғалымдардың айтуынша, жеміс-жидектен жасалған өнімнің дәмі картофельден жасалған чипсыдан артық болмаса, кем түспейді.

«Өнім табиғи дәмі сақталуы үшін ваккумды пайдалана отырып, төмен температурада кептіріледі. Бұл ретте тағамға түс пен дәм беретін қант және басқа да қоспалар пайдаланылмайды. Сондықтан, бұл технология табиғи өнімді екі жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді» делінген ақпаратта.

Жеміс чипсысының авторлары жаңа өнімді Астанада өтетін «EXPO-2017» көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу