Украина президенті оппозицияның талаптарын орындауға келісетінін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті оппозицияның талаптарын орындауға келісетінін мәлімдеді

24.01.2014
Украина президенті оппозицияның талаптарын орындауға келісетінін мәлімдеді
Украина президенті Виктор Янукович билік оппозиция өкілдерімен ымыраға келуге дайын екенін мәлімдеді. Ол сөзін растау үшін үкіметте ауыс-түйіс болатынын, сонымен қатар, жаппай акция өткізу туралы заңға өзгерістер енгізетінін айтты, деп хабарлайды euronews.com.
 
Оппозициялық «Батькивщина» партиясының жетекшісі Арсений Яценюк: « Біз билік тарапынан  нақты әрекет болмайынша,  халықты тоқтата алмаймыз.  Құр уәдеден олар бізге сенуден қалды. Елдегі ахуалды реттейтін президент қана», деп мәлімдеді.
 
Ал «УДАР» партиясының жетекшісі  Виталий Кличконың ойынша, бұл қадам елдегі қақтығыстарды тоқтата алмайды.  Ол «Наразы топтың  көздегені - президенттің отставкасы», дейді.

Хабарламаларға жазылу