Америкалықтар елден Джастин Биберді қуып жібермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалықтар елден Джастин Биберді қуып жібермек

24.01.2014
Америкалықтар елден Джастин Биберді қуып жібермек
Джастин Бибер америкалықтардың қаһарына тап болды. Ақ үйдің ресми сайтында 19 жастағы канадалық әншіні АҚШ-тан шығарып, оның грин-кардының күшін жою талаптары жазылған петиция жарияланды.
 
«Біз - халық» деп аталатын бөлімдегі үндеуге 12 мыңнан астам адам қол қойған. Олардың мәлімдеуінше, Бибер жастарға жаман әсерін тигізіп, америкалық азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және елдің поп-мәдениетіне нұсқан келтіруде.
 
Бибер мас күйінде көлік жүргізген. Сонымен қатар, көшедегі көлік жарыстарына қатысып, оны қамауға алған кезде тәртіп сақшыларына қарсылық білдірген. Қамауға алынғаннан кейін канадалық әнші ішімдік ішіп, марихуана тартқанын мойындаған. Соған қарамастан, Биберді кепілдікпен бостандыққа шығарып жіберді.
 
Ақ үй әкімшілігіндегі петицияны қарау үшін 30 күннің ішінде 100 мың қол жинау керек. Бұл үндеуге кез келген елдің азаматы қол қоя алады.

Хабарламаларға жазылу