Еліміздегі қазақ төбеті 500-ге жетер-жетпес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі қазақ төбеті 500-ге жетер-жетпес

23.01.2014
Еліміздегі қазақ төбеті  500-ге жетер-жетпес
Еліміздегі қазақ төбеті  500-ге жетер-жетпес. Бұл туралы «Altaynews.kz» хабарлады.
 
Қазақтың төбеті мен тазысын өсірумен айналысып жүрген Асылбек Әбдықанұлының айтуынша, жеті қазынаның бірі болып саналатын қазақы тазылар мен төбеттер құрып кетудің алдында тұр.
 
«Төбеттер осыдан 4 мың жыл бұрын көшпенділердің сенімді серігіне айналып, содан бері қазақпен жасасып келеді.  Ұлттық құндылықтарымыздың қатарындағы осы қазынамызды сақтап, құмай тазы өсіріп, қазақы төбеттерді көбейтуді қолға қазірден алмасақ, еліміз тағы бір ұлттық мақтанышынан айырылып қалғалы тұр», - дейді ол.
 
Асылбектің айтуынша, қазақы төбеттердің биіктігі 80 сантиметрден асып жығылады, салмағы 50-60 келінің айналасында. Қорбиған қалың жүні оны тіпті үлкен қылып көрсетеді екен. Нағыз қазақ төбетінің ең басты ерекшелігі ол – ешқашанда адамға шабуыл жасамайды.
 
Баяу қимылдайтын төбеттер жыртқыш аң көрсе, бірден өзгеріп сала береді. Үйдегі төбеттердің үруінен жатуы көп. Маңайындағыға бір маңқ   
Бір қызығы, төбет – ешқашан иттер төбелесіне қатыспайтын көрінеді.
 
«Егер иттер төбелесінен қазақ төбетін көрсеңіз, бұл - таза қанды төбет емес. Ит төбелестіргіштер төбеттен ызақор, жылдам ит жасау үшін оны  неше түрлі шетелдік тұқымдармен будандастыруда. Ірі итке, ызақор, төбелескіш иттердің қаны қосылып жатыр. Тазақанды төбеттің күн санап азайып бара жатуының негізгі себебі де осы», - дейді алматылық ит өсіруші Асылбек Әбдіқанұлы.

Хабарламаларға жазылу