Қазгидромет: 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

23 қаңтар күні республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жер-жерлерде қар жауып, боран соғып, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болады.
Тек республиканың солтүстік батысында және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атырау облысында жел 12-50 м/с-қа күшейеді, жекелеген аймақтарда бұрқасындатып, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысында жер-жерлерде боран соғып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Ақмола облысында, түнде және таңертең Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі, деп болжануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09