Қырғыз-қытай шекарасында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз-қытай шекарасында атыс болды

23.01.2014
Қырғыз-қытай шекарасында атыс болды
Қырғыз Республикасының Қытаймен шектескен аймағында қырғыз әскерилері мен белгісіз топтың арасында атыс болды.
 
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 адамнан тұратын қарулы топ шекарашылармен қақтығыспас бұрын, Ыстықкөлдің аң шаруашылығы қызметкерін өлтіріп, қару-жарақтарын алып кеткен.
 
Шекарадағы атыста қарулы топтан екі адам қаза тапты. Әскери қызметкерлерден зардап шеккендер жоқ.
 
Қазір  топ қоршауға алынды. Оқиға орнына қырғыздың Шу шекара жасағының жедел әрекет ету тобы  келіп жетті.

Хабарламаларға жазылу