Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне төраға тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне төраға тағайындалды

22.01.2014
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне төраға тағайындалды
Бүгін ҚР Үкіметінің қаулысымен Болатбек Қуандықов ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады primeminister.kz сайты.
 
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырды және мекеменің басым міндеттерін айтып өтті.

«Жаңа агенттіктің алдында тұтынушылардың құқықтарын және тұтастай отандық тауар өндірушілерді қорғау міндеттері тұр. Тағам өнімдері қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, өнімдер мен қызметтердің техрегламенттерін сақтауды қадағалауды қамтамасыз ету – агенттік жұмыстарының басым бағыттары.  Қысқа мерзімде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажет», - деп тапсырды Серік Ахметов.

Хабарламаларға жазылу