Елордада мемлекеттік тілді оқыту бойынша тегін курстарға тыңдармандар қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өтініштер 20 ақпаннан 10 наурызға дейін қабылданады. Курстар аптасына екі рет өткізіледі. Бір топ 12 және одан артық адамнан тұрады.
Тыңдармандар тілді меңгеруді жаңа бастағандар, жалғастырушы және тереңдетіп оқитындар болып үш топқа бөлінеді.
Курстарға жазылу үшін мына телефондарға хабарласу керек: 21 11 85, 21 36 41, 8 775 902 61 89.