Оның айтуынша Қазақстан 2025 жылға дейін тек қаржы нарығын реттеу саласындағы заңнаманы жүйелендіруді көздеп отыр. Ал, одақтас мемлекеттер арасында ортақ валюта құру мәселесі күн тәртібінде мүлде жоқ.
Вице-министр сондай-ақ, болашақта одақ аясында еркін сауда аймағы құрылатындығын айтты. Оған мүше болуға бірнеше мемлекет ниет танытып үлгерген. Қазір сауда аймағын құруға қатысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айдана ҮСЕНБАЙ