Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ-тың мұхит және атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасы хабарлады.
Бірнеше күн бұрын Флорида жағалауының маңында 18 дельфин жүргені байқалған. Дүйсенбі күні құтқарушылар 2 өлі жануардың үстінен шыққан. Бейсенбі күні жағалауда әлсіреп жатқан тағы 2 дельфин солардың кебін киді.
Сейсенбіде тағыда 8-інің өлігі табылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Негізінен олар 25-30 шақтысы топтасып өмір сүреді. Жаппай өлімнің себебін анықтау үшін өлген делфиндерге зерттеу жүргізіледі.